Алматыдағы «Жастар» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жүрген екі адамды тоқ соқты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін сағат 13:05-те Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне электр жарақатын алған екі ер адам жеткізілген.
Екі науқасқа да ІІ–ІІІ дәрежелі көптеген күйік диагнозы қойылды. Пациенттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне (АРҚТБ) жатқызылды. Қазір оларға барлық қажетті қарқынды терапия шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген ведомсвто хабарламасында.
Полиция департаменті аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.
Алмалы аудандық полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің аумағында жеке компанияның екі қызметкерін электр тоғының соғу дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, – делінген хабарламада.