Қоғам

Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке деп жарияланады

10:38, 12 ақпан 2026 40

Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке саналады. Бұл туралы Жаңа Конституцияның қорытынды жобасында айтылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Аталған ереже Жаңа Конституция жобасының "Қорытынды және өтпелі ережелер" деп аталатын XI бөлімінде жазылған.

"Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.

Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады", - делінген 94 бапта.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз