Erbol Seilkhan ютуб арнасында қонақта — Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.
Мәжіліс депутаты әрі саясаттанушы Ерлан Саиров журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында жаңа Конституцияның негізгі тұстарын түсіндірді.
Саировтың айтуынша, жаңа Ата заңның преамбуласында алғаш
рет «Ұлы Дала» ұғымы көрсетілген, ал қазақ халқының мыңжылдық тарихы, мемлекеттіліктің сабақтастығы айқын баяндалған.
Депутат атап өткендей, Конституцияда Қазақстанның унитарлы мемлекет екені, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау басты қағидат ретінде бекітілген.
Сондай-ақ, тарихи мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау және тіл мәселесіне ерекше мән берілген. Саиров жаңа заң елдегі әлеуметтік қолдауды кеңейтетінін, білім алу мүмкіндіктерін нығайтады деп санайды.
Ол бұрынғы билік жүйесінің олигархиялық құрылымдарына шектеу қойылып, Президент билігінің бір бөлігін Құрылтайға беру арқылы теңгерім орнатылғанын айтты.
Депутат жаңа Конституцияны елдің тұрақтылығы мен мемлекеттіктің мызғымастығының кепілі деп сипаттады.