Геннадий Головкин Лос-Анджелесте маңызды кездесу өткізді

Редактор
26.10.2024, 16:36
Геннадий Головкин Лос-Анджелесте маңызды кездесу өткізді
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапарымен Лос-Анджелестегі (АҚШ) 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz комитетке сілтеме жасап.

Кездесу аясында Ойындарға қатысатын спортшыларға жасалатын жағдайлар, сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ арасындағы спорт саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне уақыт бөліп, мультиспорттық оқиғаны өткізуге қатысты өзекті әрі мазмұнды ақпарат ұсынғанына алғыс білдіреміз. Ұйымдастыру комитетіне келгеніміз біздің нәтижелі ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді білдіреді, - деді Геннадий Головкин.