Жуырда тұрмысқа шыққан тележүргізуші Динара Сәтжан жолдасын көрсетті деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Instagram желісінде жарияланған суреттің сипаттамасында «Динара Жанықұл және Жұмабек Жанықұлов» деп жазылған.
Динара Сәтжанның таңдауы кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов болып шықты. Тележүргізуші жолдасының әлеуметтік желідегі парақшасын да белгілеп қойған.
Жұмабек Жанықұлов парақшасында өзін кәсіпкер, филантроп, сондай-ақ, қоғам қайраткері ретінде көрсеткен.
Оқырмандары Динара Сәтжанға бақыт тілеп, жүрекжарды тілектерін жазып жатыр.
Жуырда Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында мешітте жолдасымен түскен суретін жариялаған болатын. Сондай-ақ, тележүргізуші ресми неке куәлігі мен мұсылманша неке куәлігінің фотосын көрсеткен еді.