Әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина есімді блогер даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Блогер өзінің видеосында ерекше балалардың дүниеге келуін аналардың «жүргіштігімен» байланыстырып, ауыр айыптаулар айтқан.
«Жүргіштердің жазасын алатын кезі келді. Бұған дейін де олар туралы түрлі деректер естігенмін. Қазір ерекше балалар мен аутизм көбейіп кетті. Әлемде әр екінші бала ауру болып туады. Оның барлығы сол «жүргіштіктің» кесірінен», – деді ол.
Қазір ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары, наразылық білдіріп, ұжымдық арыз берді.