Аймақ

Еліміздің табиғи байлығы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

11:19, 03 ақпан 2026 17

Қарағанды облысында темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылғаны анықталды, деп хабарлайды өңір прокуратурасына сілтеме жасаған bairaqmedia.kz.

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтаған.

​Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізген.

"Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды", - делінген хабарламада.

​Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Бұл іс бойынша үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз