Қоғам

Елімізде Қазақстан-Қытай кәсіби колледжі ашылады

10:43, 16 шілде 2025 12

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылып жатыр, деп жазады bairaqmedia.kz.

Бүгінгі таңда Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және Ресей сияқты сегіз елдің серіктестерімен 50-ден астам меморандум жасалды. Халықаралық жобаларға Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан 20-дан астам колледж қатысуда.

Ең көп келісімдер Қытай Халық Республикасымен жасалған. Ынтымақтастық аясында Қазақстан-Қытай кәсіби колледжі құрылатын болады. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеуге маманданған KidsGo Technology Ltd технологиялық компаниясымен әріптестік басталды.

«Бұл бастамалар – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаңғыртудың маңызды қадамы болып табылады. Олар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім беру технологияларын енгізуге және қазақстандық түлектердің жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Асет Мұханбетов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз