Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Енді құжат 27 мамырдан 31 тамызға дейін қабылданады.
«Биылдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қаралды. Бұған дейін өтініштер 1 сәуірден басталатын, бірақ дәл осы кезеңде мектептерде оқу процесі жүріп жататындықтан, құжат қабылдауды жүйелі ұйымдастыру мүмкін болмаған кезеңдер болды. Құжат тапсыру уақытының өзгеруі ата-аналар үшін де, мектеп ұжымдары үшін де қолайлы болады деп санаймыз», - деді министр.