$ 471.45
 547.21
 6.63

Елдік пен Ерлік үндескен мамыр

04.05.2026, 09:57
Ақорда
Ақорда
Жеңіске – 81 жыл, Қарулы Күштерге -34 жыл

Мамыр айы басталғанда қазақ даласын ерекше рух кернейді. Бұл тарихтың тереңінен тамыр тартатын Жеңіс жыры мен Тәуелсіз еліміздіңайбыны асқақтаған Отан қорғаушылар күні тоғысқан кезең. Биыл біз фашизмді тізе бүктірген Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуын салтанатты түрде атап өтеміз.

Өшпес рухтың жаңғырығы 81 жыл бұрынға Жеңіс- адамзат тарихындағы ең ауыр  сынақтың нүктесі болатын.Бұл мереке  бізге бейбітшіліктің бағасын. Бостандықтың құнын еске салады. Отан үшін от кешкен аталарымызбен тылда бел жазбай еңбек еткен аналарымыздың ерлігі уақыт өткен сайын биіктей беретін асу. Қазақстандық жауынгерлердің Брестқамалынан бастап, Берлинге дейінгі жүріп өткен жолы, Р.Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен туы біздің мәңгілік мақтанышымыз. 81 жылдық, бейбіт аспан астында өскен бұгінгі ұрпақ сол қаһармандықтың қарыздары.

Қарулы Күштер- Қауіпсіздік кепілі. Егемендік алған тұста Елбасының Жарлығы мен құрылған Қазақстан әскеріне биыл 34 жыл. Отыз төрт жыл ішінде Қарулы Күштеріміз тек қағаз жүзіндегі құрылым емес, аймақтағы ең қуатты, заманауи және кәсіби армияның біріне айналды. 7-мамыр Отан қорғаушылар күні ретінде ер  азаматтарымыздың айбйнын асырып мемлекетіміздің іргесін, беріктігін паш етті.

Бүгінгі сарбаз бен офицер сол 81 жыл бұрынғы жеңімпаздардың тікелей мұрагерлері. Олардың жауынгерлік дайындығы, Отан сүйгіштік қасиеті мен антына адалдығы Қазақстанның әрбір азаматының тыныш ұйқысының кепілі. 34 жылдық тарих ішінде әскеріміз халықаралық деңгейде де өзінің билік беделін қалыптастырып үлгерді.
Тағзым мен сенім

Мамыр мерекелері ұрпақтар арасындағы алтын көпір.  Біз  ардагерлерімізге шексіз алғыс айта отырып, бүгінгі Отан  қорғаушыларымызға үлкен сенім мен қараймыз. Ерлік ешқашан ескірмейді.Ал елдік  мұрат-мәңгілік.Мереке берекелі болсын! Жеңісті күндеріміз көп болсын.Қарулы Күштеріміз айбынды, ал Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Есбай Әбілмансұр, Бауыржан Момышұлы атындағы

дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған  

әскери мектеп- интернатының 7 Б сынып кадеті