$ 446.56
 512.34
 5.3

Екібастұзда оқушыны көлік қағып өлтірді: марқұмның туыстары куәгерлерді іздеп жатыр

Редактор
21.09.2026, 09:31
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қағып, мерт болды

Екібастұзда тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен мектеп оқушысы қаза тапты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында қаланың 8-шағынауданында, Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында болған. Бала алған ауыр жарақатынан көз жұмған.

Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін куәгерлерді іздеп жатыр. Олар тұрғындардан бейнебақылау камералары мен көлік тіркеуіштеріндегі жазбаларды ұсынуды сұрады.

Екібастұз қалалық полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.