$ 476.07
 541.86
 6.08

«Екі күн дұға оқыды?»: Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінің қызықты оқиғасын бөлісті

Редактор
24.07.2026, 22:51
Коллаж: bairaqmedia.kz
Коллаж: bairaqmedia.kz
Оқиға телефоннан басталған.

Танымал актирса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде әкесінің басынан өткен қызықты сәт жайлы жазды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz. 

“БҰЛ ҚАЛАЙ?”- дерсіз? Иә, расымен менің әкем бұған дейін iPhone ұстамаған. Мәселе қол жетпегендікте емес, бірбеткейлікте. Бала күнімнен осы бірсыдырғы, қанағатшыл, артық түйірді ысырап көретін мінезін көріп келемін. Қолындағы телефонын 3 жыл бұрын алған. Одан бері талай айттым, ауыстыруға келісімін бермей жүрген», – деп жазды актриса. 

Сондай-ақ ол әкесінің телефонынан қалай айырылып қалғанын айтты. 

«Өткен апта анам екеуі Меркіге барған. Содан Бекзада ханым, ағып тұрған судың ортасындағы тастың үстіне мініп, фотоға түсемін деп еркелепті. Сөйтіп жүріп телефон суға кеткен ғой. Оны ағын судан тауып алып, күндіз күнге, түнде лампаның астына кептіріп, екі күн дұға оқып, қайта қосып алған», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау