Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Жанат Сексенбаев келді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
44 жастағы Жанат Сексенбаев Ақмола облысының Сандықтау ауданында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын «Дирижер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолында мәдениет саласындағы бірқатар мекемеде қызмет атқарған. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында бөлім басшысы және директордың орынбасары, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда бас директордың орынбасары болған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында еңбек еткен.
Жанат Сексенбаев облыс әкімінің өкімімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша тағайындалды.