Шоу-бизнес жаңалықтары

Димаш Құдайберген сахнаға шыққанда күтпеген жағдай болды

12:14, 27 шілде 2025 453

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қатысқан концертте күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Azattyq Ruhy жазуынша, әнші сахнаға шыққан соң неге екені белгісіз оркестр ұзақ уақыт үнсіз қалған. Алайда Димаш сасқан жоқ, өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында музыканы күтпей-ақ, әнді бастан-аяқ акапелламен айтып шықты. Зал сүйікті әншісіне қолдау көрсетті.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оған пікір білдірген желі қолданушылары әншінің кәсіпқойлығына таңдай қағып жатыр. Мұны Димашты сүріндіру үшін қасақана жасады деп жатқандар да бар.

«Оркестр неге ойнамады? Алайда Димаш сасқан жоқ», «Димаш жарады. Сірә, солай ойластырылған секілді», «Димашқа оркестрдің керегі не? Барлық нотаны біледі», - деп жазып жатыр олар.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз