Бүгін Coca-Cola компаниясының дәстүрлі жаңажылдық керуені тарихта алғаш рет Алматы облысының орталығы — Қонаев қаласына келіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Арнайы безендірілген Coca-Cola фурасы қалаға жеткен соң Алматы, Сейфуллин, Жамбыл және Қонаев көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңда орнатылған бас жаңажылдық шыршаның жанында табан тіреді.

Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, түрлі қызықты ойындар мен концерттік қойылымдар көрсетілді.

Айта кетейік, Coca-Cola жаңажылдық керуені — әлемнің көптеген елдерінде мерекенің жақындағанын білдіретін дәстүрлі жобалардың бірі. Биыл бұл ерекше шара Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер қалдырды.