Қоғам

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірген күдіктілер ұсталды

15:06, 25 желтоқсан 2025 23

Бір жылдан аса уақыт жүргізілген тергеу нәтижесінде Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті тұлғалар Мәскеуде ұсталды. Алайда оларды Қазақстанға экстрадициялау процесі созылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Марқұмның ағасының мәліметінше, күдіктілер Александр Донцов пен оның анасы Наталья Мәскеу қаласында полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Александр Донцов пен оның анасы Натальяның жеке басы анықталып, Мәскеуде полицияға тапсырылғаны жөнінде ақпарат алдық. Қазіргі таңда оларды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Дипломатиялық кедергілер мен бірнеше азаматтығының болуы себепті барлық рәсімдер ұзаққа созылуы ықтимал», — деді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз