Қоғам

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан елордалық фельдшердің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

12:12, 25 желтоқсан 2025 35

Бүгін Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram желіcіндегі парақшасында мемориалдық тақтаның ашылуына қатысқанын мәлім етті.

"Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті – шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы", - деп жазды министр.

Сондай-ақ Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады – аудиториялардың біріне оның есімі беріледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз