Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. Выход к правде арнасына сілтеме жасап.
Ақпарат көзіне сәйкес, 10 маусымда Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Фатихұлы Жақсылықов қамауға алынып, Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, 8 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі лауазымынан босатқан болатын.