Жетісайдаға алапат өрттен қаза тапқан келіншектің соңғы видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын жылатты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Желіде тараған кадрлар марқұм Динара Қадірбекқызының өз парақшасына жүктеген видеоларынан алынған. Көпшіліктің көңілін құлазытқан жазбалардың бірінде оның соңғы туған күнін атап, жақындарымен қуанып жүрген сәті түсіп қалған. Бақытты жүз, жарқын күлкі… Ешкім оның соңғы мерекесі боларын білген жоқ.
Сондай-ақ парақшасында сүндет тойдан жарияланған видеолары да бар. Ондағы қуаныш пен көтеріңкі көңіл күйді көрген жұрт жүректерінің шым ете қалғанын жазуда.
Қаралы хабардан кейін әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, көз жасын тыя алмай жатқанын жазып жатыр.