Қоғам

«Бұл өмірге сыймай кеттің...»: Астанада көз жұмған фельдшердің қайын әпкесі жантебірентерлік жазба жариялады

16:36, 18 қараша 2025 72

Астанада үстіне кондиционер құлап көз жұмған фельдшердің қайын әпкесі Назерке Жайнел келіні туралы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол келіні туралы жүрек тебіренткен жазбасын жариялап, оның ерлігі мен өмірінің соңғы сәттері туралы айтты.

«Жап-жарық жұлдызым, аппақ келінім… Бұл өмірге сыймай кеттің ғой. Алла өз қалауымен арамыздан алып қойды. Жарқ етіп жанған жұлдызым… Өміріңді қиып, басқа біреуді құтқарып, өзің үнсіз ғана бізді тастап кеттің. Бір ауыз сөзге де келмей кеттің…
Аллам, Жәннаттың төрінен орын бере гөр. Алланың ісіне көнеміз, басқа амал бар ма? Сен – біздің мақтанышымызсың, сен – нағыз батырсың», – деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз