Бүгін, 28 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысының Жолдауына арналған іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Ақорданың хабарлауынша, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы сағат 11:00-де басталады. Мемлекет басшысының сөзін республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады. Президенттің Жолдауында қандай мәселелер көтерілетіні әзірге нақтыланған жоқ.