14 қарашада Қарғалы ауылында тұрғындар полиция көліктері жиналып тұрған үйді байқаған. Әлеуметтік желілерде үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары полицейлердің белгілі бір үйдің маңында жиналып тұрғанын хабарлаған.
"Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңынан көп полицейлерді көргенін айтты", – деп жазды желі қолданушылары.
Алматы облысының Полиция департаменті 14 қарашада түнде ауыл тұрғындарынан белгісіз адамдардың құнды заттарды ұрлағаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары шықты. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Алматы облысы ПД үйдің нақты кімге тиесілі екенін нақтыламады.