Аймақ

2026 жылдан бастап құжат рәсімдеу құны өзгереді

15:18, 14 қараша 2025 39

Қазақстанда 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өсетініне байланысты құжат рәсімдеу бағалары да қымбаттайды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Үкімет бекіткен мәліметке сәйкес, келесі жылдан бастап АЕК 393 теңгеге артып, 4 325 теңге болады. Салыстырсақ, 2024 жылы 1 АЕК – 3 692 теңге, 2025 жылы – 3 932 теңге болған.

Құжат құны дәл осы көрсеткіш арқылы есептелетіндіктен, қызмет бағалары да өзгереді.

Жеке куәлік құны – 0,2 АЕК.
2026 жылы бұл төлем 865 теңгені құрайды.

36 беттік төлқұжат үшін – 8 АЕК төленеді.
Жаңа тариф бойынша оның бағасы 34 600 теңге болады.

2026 жылдан бастап басқа да мемлекеттік қызметтердің құны АЕК өсіміне сәйкес жаңартылады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз