Erbol Seilkhan ютуб арнасының тұрақты спикері, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым. Саясаттанушымен алдағы Парламенттік реформа жөнінде сұхбат құрдық.
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан қандай ұсыныстар түсіп жатыр? Азаматтардың талап-тілегі расымен ескеріле ме? Бір палаталы Парламентте аймақтардың мүддесі қалай қорғалады? Қандай мамандар заң шығарумен айналысуы қажет?
Қоғамда Мәжіліс жайлы мифтер қайдан шықты? Партиялық депутат пен бір мандатты депутаттың айырмашылығы қандай? Алдағы референдум, сайлау, саясат, партиялар таласы – көп дүниенің басын шалдық, ашық әңгіме болды.
Сізге ыңғайлы болу үшін, сұхбаттың тайм-кодын жасап қойдық. Көріңіз, пікір білдіріңіз, таратыңыз!