Мәдениет

Бибігүл Төлегенова ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

16:22, 07 мамыр 2025 26

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, табыс-абырой, құт-береке тілеймін. Аспанымыз ашық болып, деніміз сау болып, іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын, - деді Бибігүл Төлегенова.

Ғасырға жуық жасаған күміс көмей әнші отандастарымызды Жеңістің 80 жылдық мерекесімен де құттықтады. Бибігүл Төлегенова бұл жеңістің оңайлықпен келмегенін, осы жолда талай жанның өмірі қиылғанын атап өтті. Ұлы отан соғысы кезінде құрбан болғандар ешқашан ұмытылмайды деді ол.

Сахна саңлағы осы майданның кесірінен балалық шағы болмағанын еске алды. Сондықтан, ендігі ұрпақ соғыс туралы тек тарихтан естіп-білсе дейді. Сөз соңында әнші 80 жылдық бейбітшілік мәңгілікке ұлассын деп тіледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз