Аймақ

Бестөбеде шахтаға заңсыз кірген адамның мәйіті табылды

10:05, 20 қаңтар 2026 53

«Қазақалтын» кәсіпорнына қарасты Бестөбе кентіндегі «Новая» шахтасына заңсыз кірген ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Қаза тапқан азамат – Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны, жұмыссыз ретінде тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам күзетілетін нысан аумағына рұқсатсыз кірген.

Бестөбе кентіндегі “Новая” шахтасының 610-шы горизонты деңгейінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК 269-1-бабының 3-бөлігі (күзетілетін нысанға заңсыз кіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз