$ 479.02
 551.11
 5.82

Бес адам ажал құшты: Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды

Редактор
18.03.2026, 09:32
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.