$ 469.85
 542.16
 5.78

Белгісіз біреулер Бауыржан Момышұлының мемориалдық тақтасын қиратты (ВИДЕО)

Редактор
06.08.2026, 12:55
видеодан скрин
видеодан скрин
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды қаласында даңқты батыр Бауыржан Момышұлының есімі берілген төбедегі мемориалдық тақтаға белгісіз адамдар зақым келтірген, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде тұрғын Иван Стрижаков мәлімдеп, бейнеүндеу жариялады. Оның айтуынша, мемориалдық тақта таспен атқыланып, сындырылған. Ол мұндай әрекетті вандализм деп бағалап, кінәлілердің жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты.

Стрижаковтың сөзінше, Бауыржан Момышұлы атындағы төбе – тұрғындар мен туристер жиі келетін, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар батырдың рухына тағзым ететін маңызды естелік орындарының бірі.

Ал Қарағанды облыстық полиция департаменті мемориалдық тақтаның бүліну фактісі бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау