$ 481.83
 556.8
 5.85

«Бас киімді беруге болмайды»: Жазира Байырбекова келінінің орамалын сатып, сынға қалды

Редактор
27.03.2026, 11:29
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Алайда бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Әнші Жазира Байырбекова жаңа түскен келіні Асылының орамалын 400 долларға сатты, деп жазады bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл — келіні алғаш босаға аттағанда таққан орамал. Әнші аталған қадамды «ырымдап, ақысын берсін» деген ниетпен жасағанын түсіндірді.

Алайда бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Кейбірі мұндай әрекетті құптамай, «сатқаны дұрыс емес», «тегін беру керек еді», «жақсы ырым емес» деген сынды сын пікірлер қалдырған.

Сонымен қатар желіде бұл әрекетті әркімнің жеке таңдауы ретінде бағалап, түсіністік танытқан пікірлер де кездеседі.