$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

«Балалы бола алмаймын»: Ақтөбеде тіс емдеткен әйел емхананы сотқа берді

Редактор
09.10.2026, 11:56
видеодан скрин
видеодан скрин
Ақтөбеде тіс емдеткен әйел ауруханаға түсіп, бірнеше операция жасатуға мәжбүр екенін айтты

Ақтөбеде 37 жастағы Гүлжанат Құлмұрзинаның шағымынан кейін жеке стоматологиялық клиникада тексеріс жүргізіліп, заңбұзушылықтар анықталды. Әйел тіс емдеткеннен кейін денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, Гүлжанат Құлмұрзина экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасына дайындық алдында тістерін емдетпек болған. Алайда оның айтуынша, тіс емдеу және жұлу кезінде химиялық күйік алып, көпбейінді ауруханаға түскен. Әйел бірнеше тісінен айырылғанын, жүйкелері зақымданып, бетінде асимметрия пайда болғанын айтады. Енді оған бірнеше операция жасату қажет.

Облыстық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің мәліметінше, науқасты орта медициналық білімі бар дантист емдеген. Алайда мұндай емді жоғары медициналық білімі бар маман жүргізуге тиіс болған. Тексеріс нәтижесінде дантистке айыппұл салынып, клиникаға оны жұмыстан шеттету туралы нұсқама берілді.

Зардап шеккенін айтқан әйел клиниканы сотқа берген. Оның сөзінше, жауапкер тарап татуласу рәсіміне қатыспаған және кешірім сұрамаған.

«Мен ЭКҰ арқылы ана болуды жоспарлаған едім. Енді бұл процедурадан өте алмаймын, балалы бола алмаймын», – дейді Гүлжанат Құлмұрзина.

Дегенмен стоматологиялық емнің салдары әйелдің бала көтеру мүмкіндігінен айырылуына әкелгенін растайтын медициналық қорытынды жарияланған жоқ. Клиниканың бұл жағдайға қатысты ұстанымы да әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау