$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

«Ауыр жұмыс істеген»: Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды

Редактор
09.10.2026, 09:20
Фото: ЖИ
Фото: ЖИ
Мирас есімді жасөспірім мейрамханада жұмыс істеген

Шымкенттегі «Алтын Мерос» мейрамханасында 13 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға бірнеше ай бұрын болған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл жағдай туралы ақпарат 2GIS қосымшасында жарияланған пікірлерден кейін қоғам назарын аударды.

Желі қолданушыларының айтуынша, Мирас есімді жасөспірім аталған мейрамханада жұмыс істеген. Олар мекеме әкімшілігін еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамады деп айыптап, баланың өліміне қатысты сұрақтар көтерген.

Шымкент қалалық полиция департаменті жасөспірімнің қайтыс болғанын растады. Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 13 жастағы баланың жүрегі ауру салдарынан тоқтаған. Полиция жасөспірімнің өліміне қатысты осы қорытындыны жариялады.

«Даяшыға 4-5 столдың ыдыс-аяғын тегенемен жалғыз тасытқан. Бұл қара жұмыспен пара-пар. Қауіпсіздік сақталмаған», - делінген Azattyq Rýhy жариялаған материалда.

Сонымен қатар тексеру барысында мейрамханада еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталған. Нәтижесінде тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әзірге еңбек заңнамасының нақты қандай талаптары бұзылғаны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау