Шоу-бизнес әлемі

«Байдан байға тоқал болған…»: Жан Ахмадиев танымал әнінің Баян Алагөзоваға арналғанын айтты

10:04, 04 желтоқсан 2025 33

Журналист әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызына не үшін ренжігенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы ол "QazaqAiran" жобасында мәлімдеді.

"‘Темір қатын’ деген рэпімді Баян Мақсатқызына арнап шығарғам. Ол кісі маған келіп ренжіді. Менің бұрқанып тұрған жас кезім еді. Қазір ойым өзгерді. ‘Әйелді аптасына бір рет сабап тұру керек’ деп те айтқам. Бірақ оны айтқан — бұрынғы Жан Ахмадиев. Қазір ойымды өзгерттім. Негізі мені асырап алған, шешем тастап кеткен. Содан кейін менде әйелдерге деген жеккөрініш қалып қойған ба деп ойлаймын. Шынымен біздің елде әйелдер бағаланбайды. Қазір еркектер ез болып кетті. Әйелдерін сабап, тепкілейді. Мені көріп отырған барлық әйел қауымынан кезінде айтқан сөзім үшін бас иіп кешірім сұраймын. Қателестім, қатемді мойындаймын", — деді ол.

"Темір қатын" рэпінде айтылған сөздер төмендегідей:

"Күллі қазақ қатындары сол қатынның құлы болды
Темір қатын интернеттің таусылмайтын жыры болды.
Байдан байға тоқал болған бұл бәленің несі қызық?
Намысы бар еркек келіп кетті оның бетін бұзып."

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз