«Қазгидромет» мәліметінше, 5 желтоқсанда еліміздің 16 өңірі мен Астанада қолайсыз ауа райы болжанады. Жолдарда көктайғақ, төмеңгі жолды боран және қар жауады, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Алакөл маңында да жел екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және өзге де облыстарда көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Астанада да көктайғақ күтілсе, Орал мен Шымкентте тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында қар, көктайғақ және боран болжанады. Кей аумақтарда қар мол түседі.
Метеорологтар тұрғындар мен жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауға, әсіресе жолда және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді. Ауа райына қатысты жаңартылған ақпаратты қадағалап отыру ұсынылады.