Аймақ

Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды

09:45, 29 желтоқсан 2025 35

Жексенбі күні кешкі сағат 13:40 шамасында Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде үш адам көміртек тотығынан, уланып қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінде тартудың болмауы қайғылы жағдайға себеп болған.

Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шақыртумен барған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз