Қоғам

Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті өлтіріп кетті

11:34, 29 желтоқсан 2025 43

Астанадағы "BHB" түнгі клубында 18 жастағы жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бозбала бірінші курс студенті, елордаға Семейден келген.

Полицияның мәліметінше, түнгі мекемелердің бірінің жанында жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Алған жарақаттың салдарынан 18 жастағы бозбала көз жұмды.

"Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, қамауға алды", - дейді қалалық полиция департаменті.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз