Бүгін Атырауда мектеп маңында қайғылы оқиға болды. Қыз баланы көлік қағып, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуірде сағат 07:45 шамасында Атырау қаласында жаяу жүргіншіні қағу фактісі тіркелген.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 1974 жылғы жүргізуші басқаруындағы Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды", - делінген Атырау облыстық ПД ұсынған ақпаратта.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады.
Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.