Астана халықаралық әуежайында жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен жоғары нәтиже көрсеткен Софья Самоделкинаны ерекше ықыласпен қарсы алды. Қолдарына ту ұстап, плакаттар көтерген қауым спортшыларға құрмет көрсетті.
Әуежайға оларды құттықтауға әріптестері, бапкерлері, жақындары мен жанкүйерлері жиналды.
Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтерге сертификат табысталды.
Сондай-ақ сертификаттар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға, Михаилдің жеке бапкері Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасановаға берілді.