19-20 қыркүйек күндері Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірден 500 тоннадан астам өнім жеткізіледі, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Жәрмеңкеде Сыр өңірінің брендіне айналған күріш, балық, табиғи ас тұзы, қауын-қарбыз, ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ ұлттық сусындар өндіруші бағасымен саудаланады.

Атап айтқанда, Астанаға 200 тоннадан астам күріш, 200 тонна бақша өнімдері, 50 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 25 тонна балық, 10 тонна ет өнімдері, 15 тоннаға жуық сүт және кондитерлік өнімдер мен 5 тонна ас тұзы жеткізілмек.
Жәрмеңке 19-20 қыркүйекте сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.