Астана полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге кезекті мониторинг жүргізу барысында қоғамдық мораль нормаларын бұзып, балағат сөздер қолданған TikTok қолданушысын анықтады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы Tengrinews.kz елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Құқық бұзушы 19 жастағы қыз болып шықты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес, қызға әкімшілік айыппұл салынды.
Астана ПД «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын еске салды. Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.