$ 469.85
 542.16
 5.78

«Арыз жазған жоқпын»: Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі сынға пікір білдірді

Редактор
06.08.2026, 16:19
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Әнші діндар ұстанымдағы азаматтар деп таныстыратын адамдар тарапынан сынға ұшырағанын айтты

Әнші Роза Әлқожа соңғы күндері өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Түркістан облысында өткен тойдағы оқиғадан кейін кейбір әлеуметтік желі қолданушылары, оның ішінде өзін діндар ұстанымдағы азаматтар деп таныстыратын адамдар тарапынан сынға ұшырап, түрлі айыптауларға тап болған.

«Кешеден бері осы мәселеге байланысты пікірталас жүріп жатыр. Біз де діннен алыс емеспіз. Алладан қорқатын мұсылманбыз. Бауырларымның барлығы намаз оқиды. Бірақ әсіре діншілдер бізге қарсы шығып жатыр. Қожалар ғана емес, бәріміз мұсылманбыз. Бұл жолды толық ұстанатындар да, ұстана алмайтындар да бар. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін бір Алла біледі. Бізге Аллаға құлшылық етуді нәсіп етсін. Жүрегімізде Бәрімізде бір Алла бар. Бұл – қоғамның берген бағасы. Биліктің де өз заңы бар. Дінді құбыжық етіп көрсеткені үшін өз сөзінен тапты. Бұл да – Алланың қалауымен болған іс. Ол шалды соттатқан жоқпын, арыз жазған жоқпын. Халыққа тастап жібердім. Ол жерде мен қорландым. асаба да, той иелері де мені қорғаған жоқ. Бала-шағамды тастап, қуанышына ортақтасайын деп сонша жерден барып тұрмын. Бұл-қоғамның соты», – деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы тойда түсірілген бейнежазбаны алғашқылардың бірі болып Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау