Қоғам

Ақтөбе облысында әкім өлі күйде табылды

13:08, 22 желтоқсан 2025 36

Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өлі күйде табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінде.

Марқұмның денесі 20 желтоқсанда табылған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Еркін Далмағамбетов 2024 жылдың маусым айында Темір қаласының әкімі болып тағайындалған.

Әкім болып тағайындалғанға дейін ол түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директордың орынбасары болып жұмыс істеген, сондай-ақ жеке компанияны басқарған.

Далмағамбетов қызмет жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару комитетінде жетекші маман болып бастаған.

2004 жылдан 2006 жылға дейін Қарғала аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы болды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз