Қоғам

"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы жазба жариялады

12:42, 26 маусым 2025 16

Басы дауға қалған дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның тұңғышы анасының не үшін кешірім бергені туралы жазба жариялады, деп хабаралайды bairaqmedia.kz

Жансая Серікбаеваның айтуынша, анасы бұл оқиғада көрегендік танытқан. 

Мен Анаммен әрқашан мақтанамын, бұл жолы да ерлік жасап ешкім қозғай алмай жүрген, қоғамның басты дертін қозғады. Бұл, әрине, барлық мекеме басшыларына сабақ болғаны сөзсіз. Барлық әлеуметтік желіде біреуіңіз, жақтасаңыздар, біреуіңіз даттап жатырсыздар, Енді келіп, блогер, журналист сымақтар хайп қуалап анамды мазаққа айналдырып жатыр, мейлі біз қашан да мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп бас көтеріп өтіп кетеміз.
Бұл жағдай бізге кімнің кім екенін танытты, бұрыңғыдан да шыңдай түсті. Біздің қоғамның әлсіз жері де осы басқа басқа біреуді жерден алып, жерге салып табалауға шеберміз. Мейлі халық не демейді? Мен бәрін Аллаға тапсырдым. Дегенмен менің көргенім басқа дүние. Анама қолдау көрсету үшін осы мәселе барысында оның жанынан табылдым. Жан жақтан белгілі ел ағалары келіп:
— Наркенже қарындасым, кешірімді болайық деп екі тарап келісімге келіңдер дегенде, анам көрегендікке салынып, ел ағаларының сөзінен аттап кете алмай біздің тарапымыздан кешірім берілді. Негізі бұл жағдай резонанс тудырды. Сол жерде тұрып, менде анама ренжіп: 
— Неге кешірдіңіз? Неге соңына дейін бармадыңыз?, деген сұрақты мен де қойдым. Сол кезде Анам:
— Саяш, Алладан үлкен емеспіз, үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалды? —деп, тоқтатты. Осылай екі жақ ортақ шешімге келдік, - деп жазды әншінің қызы.

Тағы оқыңыз: «Алдыма отыр, сені иіскеуім керек»: Дәстүрлі әнші бастығынан қысым көргенін мәлімдеді

Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның басшылық тарапынан қысымға ұшырадым деген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғам талқысына түскен еді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз