$ 446.56
 512.34
 5.3

«Алты жасар Алпамыс» Париж төрінде: қазақ киносы француз көрерменіне ұсынылды

Редактор
21.09.2026, 12:03
Ақпарат және мәдениет министрілігі
Ақпарат және мәдениет министрілігі
Режиссердің туғанына 100 жыл толуына орай туынды арнайы қалпына келтіріліп, 4K форматында көрсетілді

Франция астанасы Парижде Қазақстан киносы күндері өтті. Француз көрерменіне қазақ киносының классикалық туындылары мен заманауи фильмдері ұсынылды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

17–19 қыркүйек аралығында өткен мәдени шара режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен ашылды. Режиссердің туғанына 100 жыл толуына орай туынды арнайы қалпына келтіріліп, 4K форматында көрсетілді. 

Сонымен қатар француз көрерменіне мемлекеттік қолдаумен түсірілген «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдері ұсынылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бағдарлама қазақ киносының қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі дамуына дейінгі шығармашылық жолын таныстыруға бағытталған. 

Көрсетілімдермен қатар қазақстандық кинематографистер француз көрерменімен шығармашылық кездесулер өткізді. Онда екі елдің кино саласындағы кәсіби байланыстарын нығайту және мәдени ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан киносы күндері Францияда ұйымдастырылған Қазақстан мәдениеті күндерінің аясында өтті.