2026 жылғы 23 тамызда «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ олармен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысып жатыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
«Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің штаттық саны 1 220 қызметкер болады. Қолда бар мәліметке сәйкес, оның 724-і Алматы қаласында, 496-сы Алматы облысында тіркелген.
Сонымен қатар Алматы қаласында тіркелген және қызметкерлермен бірге тұратын кәмелетке толған 690 отбасы мүшесі есепке алынды.
Ұсынылған мәлімет бойынша барлығы 1 414 адам Алматы қаласындағы сайлау учаскелеріне тіркелген.
Кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері тіркелген жері бойынша қаланың тиісті сайлау учаскелерінде сайлау құқығын жүзеге асыруда.