Бүгін сағат 13:55-те Алатау ауданының «Шапағат» шағын ауданында Биянху көшесі мекен-жайы бойынша ТЖМ және қалалық апаттық құтқару жұмыстары барысында 1949 жылы туған адамның мәйіті табылған.
Алдын ала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан 1980 жылы салынған жеке тұрғын үй конструкциялардың қирауы анықталды.
Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы өрістетіліп, қалалық әкімшілік, ТЖ Департаментінің, сондай ақ ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының, кинологиялық қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласының 109 құтқару қызметінің, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, - дел.
Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын жедел-тергеу тобымен анықталып жатыр.