Аймақ

БҚО-да жер үй өртеніп, бір үйдің бес баласы қаза тапты

18:41, 04 маусым 2025 94

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында қайғылы жағдай болды. Жекеменшік үйден өрт шығып, бес бала қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл туралы batyr_bloger парақшасы мәлімдеді. Қаза тапқан балалардың ең үлкені 5 жаста болған. Қалғандары 2020, 2021, 2023 және 2024 жылдары туған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем тобы жеткен. Құтқарушылар балаларды жанып жатқан үйден шығарып, аудандық ауруханаға жеткізген, - делінген жазбада. 

Дәрігерлер бар күш-жігерін салғанымен, оларды аман алып қалу мүмкін болмаған. Қаза тапқан балалардың жасы 1 жастан 6 жасқа дейін. Олар бір отбасының балалары екен.

«Мой город» басылымының хабарлауынша, көз жұмған балалардың отбасы жалдамалы үйде тұрған. Әкесі — жергілікті Мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді, ал анасы — дүкенде сатушы.

Қайғылы жағдай орын алған сәтте екеуі де жұмыста болған. Үйде тек балалар қалған.

 

 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз