Алматыда танымал қазақстандық заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алматы қаласының полиция департаменті бұл мәліметті растады.
Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әділетхан Молдахан азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған.
Ол бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде Әл‑Фараби даңғылы бойында болған жол апатына қатысты видео жариялап, үш адам қаза тапқан оқиғаға құқық қорғау органы қызметкері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.