$ 482.53
 555.44
 5.92

Алматыда танымал әншінің ұлы із-түзсіз жоғалып кетті

Редактор
30.03.2026, 15:46
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Журналисттің айтуынша, азаматтың жоғалғанына бір аптадан асқан.

Алматыда 1989 жылы туған Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті. Журналист Жазира Бегалы мәліметінше, ол кезінде танымал болған әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Айта кетейік, өнер иесі 2024 жылдың күзінде өмірден өткен.

Еріктілер таратқан ақпаратқа сәйкес, Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Оның бойы шамамен 185 см, дене бітімі арық, көзі мен шашы қара.

Журналисттің айтуынша, азаматтың жоғалғанына бір аптадан асқан. Оның жақындары, әсіресе жұбайы, ақпарат құралдары мен көпшіліктен көмек сұрап отыр.

Іздестіру жұмыстары жалғасуда, еріктілер жұртшылықты кез келген ақпарат болса хабарлауға шақырады.