Алматыда су құбырын төсеу кезінде жұмысшы зардап шекті

Редактор
16.05.2025, 14:47
Алматыда су құбырын төсеу кезінде жұмысшы зардап шекті
Ол жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды

ТЖМ құтқарушылары ер адамды үш метр тереңдіктен шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Кеше Алматы қаласының Наурызбай ауданында су құбырын төсеу кезінде 1973 жылы туған ер адам абайсызда тереңдігі 3 метр шұңқырға құлап, аяғын жарақаттап алды. 

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бірден зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны траншеядан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ШҚО-да жұмысшы жер қазу кезінде қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.