Аймақ

Алматыда сирена қосылады: ТЖД өкілдері себебін түсіндірді

14:16, 24 ақпан 2026 40

Ертең, 25 ақпанда Алматыда республикалық оқу-жаттығу өтеді, соған байланысты халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды bairaqmedia.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сабыр сақтауды сұраймыз, бұл – оқу-жаттығу тексерісі. "Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе орын алған кезде шұғыл хабарламалар алдында халықтың назарын аудару үшін беріледі", - делінген хабарламада.

Алматылықтарға сигналды естіген жағдайда не істеу керек екені түсіндірілді:

  • теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосу;
  • ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларды тексеру;
  • берілетін ақпаратпен және әрі қарайғы нұсқаулықтармен мұқият танысу қажет.

Құлақтандыру жүйесі 25-26 ақпанда Алматыда "Көктем – 2026" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына байланысты іске қосылатыны хабарланды.

Оқу-жаттығу аясында қала аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз